Episode Summary

Бұл эпизодта TechOrda бағдарламасының Фронтенд курсында бірге оқып жүрген топтасым Назым Мағауия екеуміз алған тәжірибемізді ортаға сала отырып, веб-әзірлеудің қызықты әлемін зерттейміз. Содан кейін технологиядағы гендерлік теңдіктің маңызынан бастап, әлеуметтік шектеулерді еңсеруге дейінгі тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ, бұл эпизодта технология, қоғам және жеке дамуға қызығушылық танытатын кез келген адамды бей-жай қалдырмайтын өзекті мәселелер сөз болады. СІЛТЕМЕЛЕР: code21.kz бағдарламалау мектебі; TechOrda бағдарламасы; Подкастиң негіздері бойынша тегін онлайн курс. Бұл эпизод аудиоблог пен негізгі подкастқа қатар жарияланған. Негізгі подкаста мен шығаратын барлық подкастардың эпизодтары біріктірілсе, аудиоблогта тек қана сол аудиоблог эпизодтары жарияланады. E-mail: mail@yeldar.org.
... Show More

    No results